«Көріп отырсыздар, мен дауыс беруге ерекше көңілмен келдім. Бұл шын мәнінде тарихи күн, мемлекетіміздің тарихындағы ерекше күн, оған күмән жоқ», - деді Қ.Тоқаев өз сөзінде.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Қазақстанның барлық аумағындағы барлық сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7.00-де есіктерін айқара ашты. Бір сағаттан кейін - уақыт айырмашылығына байланысты - еліміздің батыс өңірлеріндегі сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Бүгін дауыс беру үдерісі кешкі сағат 20.00-ға дейін созылады. Ал 4 сәуір күні таңертең сайлаудың алдын ала қорытындылары шығарылмақ.