15:53, 26 Наурыз 2009
ҚР Парламентіндегі Үкімет сағатында «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыру туралы» мәселе қаралады
АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні, наурыздың 30-ында ҚР Мәжілісіндегі Үкімет сағатында «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыру туралы» мәселе қаралады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баяндама жасайды.