ҚР Парламентінің бірқатар депутаттары Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде болды

None
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Парламентінің бірқатар депутаттары Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазынашылық комитеті қызмет көрсетудің сапасын жақсарту міндетіне орай «мемлекеттік мекемелермен Қазынашылық-Клиент» электрондық құжат жобасын іске асырып жатқандығын жеткізген ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Әміржан Түсіпбеков, бұл шара мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақытын қысқартып, операциялық және басқа да шығындардың азаюына септігін тигізетінін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдан бері бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа Oracle Applications R12 нұсқасы да енгізілген. Комитет мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылдың ақпан айында «Қазынашылық-Клиент» жобасы Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында жүзеге асырылмақ. Осы арқылы аталған қалаларда электрондық жүйемен бұл саладағы қызмет көрсету және бюджеттің орындалуы бойынша операциялар атқарылады.