ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ақмола облыстық гендерлік комиссия жұмысымен танысты

None
КӨКШЕТАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айгүл Соловьева өңірлік гендерлік комиссия отырысына қатысып, өз ойымен бөлісті.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында атап көрсетілгендей, аймақта мемлекеттік қызметке 4 мың 162 әйел қатыстырылып отыр, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің 65 пайызын құрайды. Соның ішінде 750-і басқарушы, ал 56-сы саяси қызметтерде. Ал, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутатарының 22,1 пайызы әйелдер. Мәжіліс төрағасы облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбековтың айтуынша, «әйелдердің, балалардың және отбасының мүдделерін қорғау мемлекеттік органдар саясатының ажырағысыз бөлігі болып табылады. Өңірде осы мақсатта және жүйелі жұмыс жүргізілуде». Іс-шара аясында ҚР-нің 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының іске асырылуы, әйелдерді зорлықтан сақтау жөніндегі ішкі істер органдарының іс-әрекетін ұйымдастыру, «Шаңырақ» дағдарысқа қарсы орталығының жұмысы тілге тиек етілді. Облыс бойынша ағымдағы жылы гендерлік саясат бойынша 4,5 миллион теңгені құрайтын 4 жоба қолға алынған. Аймақта «Қанатты әйел», «Қазақтың келіні», «Қуан, сәби», «Отбасын сақтайық» сынды бағдарламалар шешімін табуда.
Мәжіліс барысында гендерлік саясат бойынша атқарылуға тиісті жұмыс жоспарын, жаңа жобаларды қолға алу, қаржыландыру көздерін қарастыру турасында ұсыныстар қарастырылды.