Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасын арттыру туралы норманы енгізу мерзімдері бөлігін қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Заң жобасын Парламентке қайтарды. Президент әйелдердің зейнет жасын 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан кезең-кезеңімен көтеруді бастауды ұсынды», - деді С.Ахметов.
С.Ахметов Президент Үкіметке жаңа заңнама күшіне енгенге дейін заңнамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. Атап айтқанда, жұмыс жасайтын әйелдер үшін бала туу және бала күтімі демалысы кезеңінде бюджет есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қамтамасыз ету қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдердің жалпы мөлшері олардың бұрынғы бұрынғы деңгейінен 10 пайызға дейін жеткізіледі. Жұмыс берушілерден өз қызметкерлерінің пайдасына қосымша 5 пайыздық міндетті аударымдар жасау енгізіледі. Кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері кезең-кезеңімен тағы да 5 пайызға ұлғайтылады.
Бұдан басқа Үкіметке 2030 жылға дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жаңартудың кешенді шараларын ойластыру, сондай-ақ зейнетақы активтерін экономиканың неғұрлым перспективалы салаларындағы жобаларға тиімді инвестициялау тетіктерін жасау жүктелді.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын кідіртпей орындауға кірісуге тиіспіз», - деп атап көрсетті С.Ахметов.
Осыған байланысты ол Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов басқаруымен ұсыныстар мен тиісті есептемелер, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жаңарту тұжырымдамасы жобасын әзірлейтін жұмыс тобын құруды тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұжырымдамада мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау деңгейіне ынтымақты жауапкершілігі көзделуі тиіс», - деді Премьер-Министр.
Еске сала кететйік, 2013 жылғы 7 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы жүйесін жаңарту мәселелері жөнінде Қазақстан халқына Үндеу жолдады. Толығырақ - мына жерде».