«Сізді Елбасы тарапынан беріліп отырған сенімге ие болуыңызбен құттықтаймын. Тәуелсіздік жылдарында Сіз әрдайым сеніп тапсырылған нысандардан табылдыңыз, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп отырдыңыз. Алматы сияқты қалада бұл үлкен маңызға ие, себебі Алматы еліміздің ең ірі қаласы, қаржылық және іскерлік өмірдің, бизнестің орталығы», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Өз кезегінде А.Есімов К.Мәсімовті ҚР Үкімет басшысы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады. «Мен Қазақстан Президентіне сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар Алматы мәслихатының депутаттарына қолдау білдіргені үшін алғыс айтқым келеді», - деді қала басшысы.