ҚР Премьер-министрі Ақтөбе әуежайындағы қауіпсіздік жүйесімен танысты

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласына ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов басқарған Үкімет делегациясы келді.

К.Мәсімов әуежайға келген бойда оның қауіпсіздік жүйесімен танысып өтті. Сондай-ақ әуежай стендінде теміржол вокзалының қауіпсіздік жүйесі ұсынылды.

Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласындағы қайғылы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әуежай, теміржол вокзалы, адамдар көптеп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.