Үкімет басшысын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ басқа да жоғары қызметтегі тұлғалар қарсы алды.
Кәрім Қажымқанұлы алдымен Алматы халықаралық әуежайының ұшу алаңы маңында орнатылған арнайы стендті көрді. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетов Үкімет басшысына әуежайдың инженерлік-техникалық жағдайы және мегаполис әуе айлағының лаңкестікке қарсы қауіпсіздігі туралы баяндады.
Сонымен қатар, Кәрім Мәсімовті «Вокзал қызмет» Оңтүстік өңірлік филиалының директоры Э. Шынтеков және «Халықаралық Сайран автовокзалы» ЖШС басшысы Е.Әбілдаев көлік нысандарының қауіпсіздік жүйесімен таныстырды.
Алматы халықаралық әуежайы 1934 жылы пайдалануға берілген. Мұнда күн сайын 180 ұшақты қабылайды және аттандырады. Орта есеппен 12 мың жолаушыға қызмет етеді.