ҚР Премьер-Министрі Алматыда экологиялық сенбілікке қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімдітұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жолинфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелеріталқыланды.

ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматықаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қ. К.Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздіктінығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақтытапсырмалар берді.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І.Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстанэкономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылаудаұстауды тапсырды.

Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары менАлматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасыменірі қалалардың шеткері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд теңге,оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд теңге бөлінді.

«Агломерация тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шаралардыжүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылымменқамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономикаминистрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қ. және Алматыоблысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелесаумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажеттішараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

«Біз Алматы қ. мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудансинергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамытубағдарламасын әзірлеу керек», — деп А. Мамин, түрлі бағыттарда – энергетика,көлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардыңтізімі құрылғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғарықарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдіңинвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қ.мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытындаболып, Алматы қ. құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясындамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналғансалтанатты жиынға қатысты.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Аюсай шатқалынтазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

Соңғы жаңалықтар