ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ЖЭО-3 құрылысының барысын, отын-энергетика кешенінің нысандарын жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ЖЭО-3 құрылысалаңында Үкімет басшысына ЖЭО-3 құрылысының бірінші кезеңі қуаттылығы 480Гкал/сағ болатын су жылытатын қазандық салуды қарастыратыны баяндалды.

Темір жол жәнеавтокөлік кіру жолдары салынды, әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараттары салынды.Негізгі жабдықты автоматтандыру және электрлік бөлігін монтаждау жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Бүгінде нысанның даярлығы 70% құрайды.

ЖЭО-3 құрылысытаяу жылдары елорданың батыс бөлігінде жылуға деген артып келе жатқан сұраныстықамтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жеке өндіруші қуатты және Нұр-Сұлтанқаласындағы отын-энергетика кешенінің жылу көзін айтарлықтай ұлғайтады.

Құрылыс алаңындаҚР Премьер-Министріне әрекет етіп тұрған ЖЭО-1 және ЖЭО-2 энергия көздерінжаңғырту және газдандыру, энергия кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығытуралы ақпарат берілді.

ҚР Үкіметініңбасшысы елорданың отын-энергетика кешенінің нысандарын салу және жаңғыртубойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.