Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кеше Шымкент қаласына қону кезінде ҚР Шекара қызметінің әскери-жүк ұшағы құлады. 27 адам, соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, әскери қызметкерлер мерт болды. Бұл - олардың туыстары мен жақындары үшін, еліміздің Қарулы Күштері үшін орны толмас үлкен қайғы. Бұл - барша қазақстандықтар үшін ауыр қаза. Әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын»,- деді С.Ахметов.
Кеңеске қатысушылар қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.