ҚР Премьер-Министрі «Баку-2015» бірінші Еуропалық ойындарының ашылу рәсіміне қатысады

БАКУ. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов басқарған Қазақстан делегациясы ертең «Баку-2015» бірінші Еуропалық ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін Баку қаласына келеді.

Делегацияның құрамында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болады.

Айта кетейік, 2015 жылы Әзербайжан астанасы Баку қаласында бірінші Еуропалық ойындар өткізу туралы шешім 2012 жылдың желтоқсан айында Рим қаласында қабылданған болатын. Ойындарды Еуропалық Олимпиада комитеттері - қазіргі кезде Еуропаның 50 ұлттық Олимпиада комитетін біріктіріп отырған, штаб-пәтері Лозаннада орналасқан ұйым өткізеді. Оның ашылу рәсімі 2015 жылдың 12 маусымында, ал жабылуы - 2015 жылдың 28 маусымында болады деп жоспарланған.