ҚР Премьер-Министрі бірқатар халықаралық кездесулер өткізді
Біріккен Араб Әмірліктерінің Мемлекеттік сыртқы істер министрі Әнуар Гаргашпен келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі өрістету перспективалары талқыланды.
Ә.Гаргаш сондай-ақ Астана қаласында өтіп жатқан бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-әмірліктер үкіметаралық комиссиясы 4-ші отырысының күн тәртібі туралы хабардар етті.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Үндістан сыртқы істер министрі Соманахали Маллайах Кришнамен кездесуінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Тараптар қазақстандық-үндістандық сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін стратегиялық әріптестікті дамытуға мүдделілігін білдірді.