«Дмитрий Анатольевич Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалуымен құттықтаймын», - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-де.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 8 мамырында Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен Мемлекеттік думаның келісімімен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып Д.А.Медведев тағайындалды.