ҚР Премьер-Министрі: Дүниежүзілік банк елімізді экономикалық тұрғыда тиімді мемлекет деп бағалауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк елімізді экономикалық тұрғыда тиімді мемлекет деп бағалауда. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстан Жаһандық экономикалық форумының бәсекеге қабілеттілік бойынша дүниежүзілік экономикалық индексінде 50-орында тұр. Дүниежүзілік банк елімізді экономикалық тұрғыда тиімді мемлекет деп бағалауда», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дамудың қуатты тұғырнамасын құрғанын, бұл бағытта еліміздің экономикалық өсімі еселенгенін, сондай-ақ Қазақстан әлемнің екпінді экономикаларының қатарына енгенін атап өтті.

«Біз инвестициялар үшін тұрақты ортаны қамтамасыз ету бағытанда жұмыстарды жалғастырудамыз», - деп атап өтті К. Мәсімов.