Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ынтымақтастық туралы, ЕАЭО мемлекеттерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе» тетігін дамыту туралы құжаттарға қол қойылды. ЕЭК-пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркəсіптік тауарларға қатысты айрықша субсидияларды ерікті келісісу тəртібі туралы Келісімге қол қойылды.
Отырыс аясында Ресей Федерациясының үкімет басшысы Д. Медведев, Қырғыз Республикасының үкімет басшысы С. Жээнбеков, Беларусияның үкімет басшысы А. Кобяков, Арменияның үкімет басшысы К. Карапетян сөз сөйледі.
Қол қойылған өкімге сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Астанада тамыз айында өткізіледі.