Кездесу барысында бірлескен инвестициялық бастамалар мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларындағы нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
К.Мәсімов Қазақстан Үкіметі өзара тиімді негізде гонконгтық инвесторларға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін қуаттады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты ынтымақастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді.