Кездесу барысында компаниямен еліміздің телекоммуникация саласында бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.
Айта кетерлігі, Huawei Technologies 1988 жылы ҚХР-да құрылған, штаб-пәтері Шеньчжень қаласында орналасқан. Бүгінде әлем бойынша 12 өңірлік өкілдігі қызмет көрсетеді. Компания өнімдері әлемнің 170-тен астам еліне шығарылады.
Қазақстанда Huawei компаниясының өкілдігі 1998 жылы құрылған. Компанияның Қазақстандағы қызметі Huawei корпорациясының барлық үш бизнес-тобын қамтиды.