«Италия Премьер-Министрі Матео Ренци мен қазақ тапқан жолаушылардың туыстарына қолдау білдіріп, қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды К.Мәсімов өз твиттерінде.
Еске сала кетейік, күнделікті 200 пойыз өтетін Италияның ауқымды темір жолында пойыздар соқтығысы орын алды. Соңғы ақпараттар бойынша, екі жолаушылар пойызынан 25-ке жуық адам мерт болған, ондаған адам жарақат алды. Көпшілігінің жағдайы ауыр.
Соқтығыстың себебі әлі анықталған жоқ. Итальяндық тергеу органдары адам факторы әсер етуі мүмкін деп болжам жасауда.