«Дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде Премьер-Министр қор өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері - қаржы секторын тұрақтандыру мен банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде мемлекет қолға алған шаралар, жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы, ел экономикасын әртараптандыру шаралары туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және адам капиталын дамытуға мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөнінде айтып берді.
К.Мәсімов сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығының алдын ала нәтижелері, Астана қаласында желтоқсанда өтетін осы ұйымның мүше-мемлекеттері басшыларының алдағы саммитінің тақырыбы туралы сұрақтарына жауап қайтарды. Бұдан басқа Премьер-Министр Қазақстанның аймақтық ықпалдастық және қауіпсіздік үдерісіне қатысуы, Қазақстан Үкіметінің Қырғызстан мен Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға көрсетіп отырған көмегі туралы әңгімеледі.
К.Кербер қорының өкілдерімен кездесу Қазақстандағы Германия жылы ауқымында өтті, бұл шара қазақстан-неміс екіжақты өзара іс-қимылына қосымша серпін беруі тиіс.