ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Франция сенаторы Эмери де Монтескьюмен кездесті

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Франция сенаторы Эмери де Монтескьюмен кездесті,

деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық саладағы қазақстандық-француздық байланыстардың көкейкесті мәселелерін талқылады. Тараптар ауылшаруашылығы, ветеринария, қорғаныс және авиация кәсіпорындары саласындағы қазіргі байланыстардың жоғары әлеуетін атап өтті. Нақтырақ айтсақ, Eurocopter компаниясы Қазақстанда тікұшақтар жасаудың бірлескен жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Э. де Монтескью француз жағының үстіміздегі жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парижге ресми сапары кезінде қажетті құжаттарға қол қоюға дайын екендігін тілге тиек етті.