Сыртқы сауда істері жөніндегі Мемлекеттік хатшы Анн-Мари Идрак бастаған Француз Республикасының делегациямен кездесу барысында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай жөнінде пікір алысылды, сондай-ақ қазақстан-француз индустриялық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің БҰҰ-ның өнеркәсіп даму жөніндегі Ұйымының бас директоры Кандэ Юкмелламен кездесуінде энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
К.Мәсімовтің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Мохаммед Яхия Маруфимен кездесуінде аймақтық экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.