«Егер украиндық кәсіпорын Қазақстан аумағында жұмыс істеуге ниет танытып жатса, онда біз сіздердің келгендеріңіз үшін қуанышты боламыз. Сіздер қазақстандық резидент болсаңыздар, онда бизнесті дамыту жөніндегі қазақстандық бағдарлама жеңілдіктерін ала аласыздар», - деді ол бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Украина бизнес форумында.
Өз сөзінде әлемдік қаржы дағдарысы күшейіп тұрған 2008-2009 жылдары мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламаларға кеңінен тоқталған К.Мәсімов. «Біз өзара іс-әрекетте біршама тәуір тәжірибе жинадық. Бизнесті дамытуды ынталандыру үшін қаржы құйылып, бірқатар салықтық қаулылар шығарылды және басқа да бағдарламалар жасалды», - деді.