Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
19:36, 18 Мамыр 2010
ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда 3G ұялы байланыс стандартын енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қазақстанда 3G үшінші ұрпақ ұялы байланыс стандартын енгізу және жұмыс жасап тұрған ұялы байланыс операторлары арасында ақылы негізде жиіліктерді бөлу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.