ҚР Премьер-Министрі Кедендік одақтың жоғары органының отырысына қатысу үшін Санкт-Петерборға келді

None
СТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кедендік одақтың үкімет басшылары деңгейіндегі жоғары органының отырысына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына келді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы мамырдың 21-күні Санкт-Петерборда өткен Кедендік одақтың жоғары органының алдыңғы отырысында тараптар Кедендік одақ бойынша барлық ұстанымдарды келісе алмаған болатын.