ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысындағы басты индустриялық кешен - «ССКБӨБ» АҚ-ның өндірістік қуаттылықтарын бағалады
ҚазАқпарат өз оқырмандарына бұл кәсіпорын және Үкімет басшысы болған оның бөлімшелері туралы ақпаратты ұсынады.
Премьер-Министрдің алдымен - «ССКБӨБ» АҚ-ның кеніші - Сарыбай кен басқармасына барды, оның құрамына үш карьер - Сарыбай, Соколов және Оңтүстік Сарыбай кіреді. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі темір рудаларын ашық және жерасты өндіру болып табылады. Карьердің өндіріс алаңы - 900 га. Қазіргі уақытта Сарыбай карьерінің тереңдігі 470 метрді құрайды.
Тоннельдерді пайдалану уақыты бойынша 300 млн. тоннадан астам тау массасы жеткізілді. Тау массаларын терең қабаттардан тасымалдау бойынша еңіс теміржол тоннельдерін пайдалану жылына 1 млн. долларды шығынды үнемдеп қалуға мүмкіндік береді. 2012 жылы кен шығару көлемі 14 540 мың тоннаны құрады. Жұмыс жоспарында - карьер тереңдігін 620 метрге дейін жеткізу.
Карьер жұмыскерлерінің орташа айлық жалақысы 168 мың 744 теңгені құрайды.
Кәсіпорында энергиялық блогы бар жылу энергиялық магистралін кеңейту және жаңғырту бойынша инвестициялық жоба іске асырылды. Жобаның құны 4,56 млрд. теңгені құрады. Ол электрмен жабдықтау беріктілігін жақсарту, өзіндік электр энергиясының санын арттыру және оның өз бағасын азайту мақсаттарымен өнделді. Бүгінде ЖЭС-ның қуаттылықтары «ССКБӨБ» үшін бірлестік қажет ететін электр энергиясының 85 пайызын өндеп шығаруға мүмкіндік беруде. ЖЭС-ның электр қуаттылығы 267 МВт, жылулық - 720 Гкал/сағ. «ССКБӨБ» АҚ-ның ЖЭС-ның дамуына 2012 жылы салған инвестициялық салымдары 2,7 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың жоспарында 3,2 млрд. теңгені салу бар.
«ССКБӨБ» АҚ-ның президенті Мұхамеджан Тұрдахұновтың хабарлауынша, кәсіпорында жаңа жұмыс орындарының құрылуы жалғасуда. Қазіргі кезде мұнда 19 910 адам жұмыс істеуде.