ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының бірқатар индустриялық және ауылшаруашылық өндіріс орындарында болады

None
ҚОСТАНАЙ. 11 желтоқсан. Қостанай - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Қостанай облысына баруды жоспарлауда.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ертең Үкімет басшысы бірқатар индустриялық өндіріс ошақтарына барады. Бірінші кезекте ол жаңадан салынып жатқан  Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігін аралайды. Сондай-ақ Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігінің басқа нысандарына - Сарыбай карьеріне, ЖЭС мен оқу орталығын көреді. Рудный қаласында «Фирма «Арасан» компаниясының филиалын аралайды деп күтілуде.

Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінде Премьер-Министрге мал шаруашылығының кешенін дамыту бағдарламасы аясында ірі қара малдың санын арттыру бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу тәжірибесі көрсетілетін болады. Ол сондай-ақ ауыр шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі.

Қостанайда С. Ахметов үй салу кешенінің құрылыс алаңында, «ЕуразКаспианСталь», «Агромашхолдинг» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС индустриялық алаңдарында болады.

Премьер-Министр жұмыс сапарының соңында облыс активімен ауқымды жиынның қорытындысын шығарады.