Бішкекте ҚР Үкіметінің басшысы жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевты ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысады.
Шақырылған қонақтардың ішінде - Түркия президенті Абдолла Гүл және Грузия президенті Михаил Саакашвили, Әзірбайжан премьер-министрі - Артур Раси заде, Тәжікстан премьері - Акил Акилов, Татарстан премьер-министрі Зиля Рахимьянова және басқалар бар. Барлығы 50-ге тарта жоғары мәртебелі қонақтар және шетелдік делегация өкілдері шақырылған.