ҚР Премьер-Министрі Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды, деп хабарланды www.primeminister.kz сайтында.

Үкімет басшысы бұрынғы министр Дархан Мыңбайға жемісті жұмысы үшін алғыс айтты және жаңа қызметінде оған табыстар тіледі.