Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, экономиканың өзге де салаларындағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен болашағы талқыланды.
Тараптар Қазақстан-Марокко іскерлік өзара қарым-қатынасты жандандырып, екі жақты байланысты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.