Үлкен театр - Ресейдегі аса ірі және әлемдегі опера және балет театрларының арасында өзіндік орны бар нысан. Театрдың нысандар кешені Мәскеу орталығындағы Театр алаңында орналасқан. 2005 жылдың 1 шілдесі мен 2011 жылдың 28 қазаны аралығында қайта жөндеуден өткізілді. Осы арқылы танымал ғимараттың тарихи әлпетінің көптеген жоғалтылған бейнелері қайта жандандырылып, оны әлемнің аса мықты жабдықталған театр ғимараттарының қатарына қосты.
20:00, 06 Қараша 2011
ҚР Премьер-Министрі Мәскеудің Үлкен театрындағы «Руслан мен Людмила» операсына барады
МӘСКЕУ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бүгін К.Мәсімов Мәскеудің Үлкен театрындағы режиссер Дмитрий Черняковтың қойылымы Глинканың «Руслан мен Людмила» операсына барады.