Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты.
Кәрім Мәсімов пен Мохаммад Ашраф Ғани біздің елдердің арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің дәстүрлі ахуалда дамып жатқандығын, ал екіжақты өзара тиімді серіктестік халықаралық аренада ашықтық пен өзара қолдаумен сипатталатынын айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен М.Ғанидің қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.