Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытайдың «Датан» корпорациясы арасында Қазақстанда қалпына қайта келтірілетін қуат көздері саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында табиғи уран концентраттарын сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартқа, сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС және Қытай алюминий корпорациясы арасындағы 10 мың тонна мырыш құймаларын сатып алу жөніндегі ниет хаттамасына қол қойылды.
13:09, 11 Қараша 2010
ҚР Премьер-Министрі мен ҚХСКК БК төрағасының кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Қытай Халықтық саяси-консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің (ҚХСКК БК) төрағасы Цзя Цинлиньмен өткізген кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.