ҚР Премьер-Министрі мен «Лукойл» ААҚ президенті мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Лукойл» ААҚ-ның президенті Вагит Алекперовпен кездесті.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар мұнай өндіру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.