ҚР Премьер-Министрі «Нефтехим LTD» ЖШС-да болды

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Нефтехим LTD» ЖШС-да болып, метилтретбутил эфирі (МБТЭ), пропилен мен полипропилен шығару өндірісімен танысты.

Кәсіпорынның қуаты - жылына 20 мың тонна МБТЭ, 35 мың тонна пропилен мен 30 мың тонна полипропилен.

Өндіріс үшін шикізат сұйытылған мұнай газы түрінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-дан жеткізіледі. Зауыт қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы технологиялар мен жабдықтардың, өндірістік процестерді, өнеркәсіпті және экологиялық қауіпсіздікті автоматтандырудың көмегімен жұмыс жасайды.

Кәсіпорында 350 адам жұмыс жасайды.