ҚР Премьер-Министрі Ниццадағы террорлық актіге байланысты француз халқына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Францияның Астанадағы елшілігінде болып, Ниццада орын алған террорлық актіге байланысты Көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп жазады Pm.kz. Премьер-Министр өзінің твиттер-аккаунтында: «Франция Елшілігіне бардым. Посетил Посольство Франции. @AmbaFranceKZ #Nice06» - деп жазды.

 «Өкінішке қарай қаза тапқандар арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың туған-туыстарымен бірге біздің де қабырғамыз қайысады және қайғыра көңіл айтамыз», - деді К.Мәсімов

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасы мен туған-туысына, барша француз халқына көңіл айта отырып, Франция Президенті Франсуа Олландқа телеграмма жолдаған болатын.