ҚР Премьер-Министрі «Нұр Әлемді» аралады

Фото: None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас ғимараты болған "Нұр Әлем" сферасын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, «Нұр Әлем», Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды ЭКСПО-ның төрт нысаны туристік орын ретінде қайта ашылды.
 

Қайта ашылу құрметіне орай, Астана тұрғындары мен қала қонақтары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.
 

 
 

Премьер-Министр мен "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ғимараттың 8 қабатына шығып, Астананың болашағы жөніндегі экспонаттарды аралап шықты.
 

Сондай-ақ, А.Есімов Премьер-Министрге ЭКСПО-2017 аумағының алдағы жоспары туралы баяндады.

Айта кетейік, «Нұр әлем» ғимараты мен тақырыптық павильондар энергия музейі ретінде жұмыстарын жалғастырады. Ал «EXPO 2017» аумағындағы өзге ғимараттар «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне беріледі.
    

Соңғы жаңалықтар