ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланған кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланған кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Айта кетейік, бағдарлама ипотекалық несиелендіруді, арендалық және жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған. Оны әзірлеу туралы тапсырманы Елбасы ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берді.