ҚР Премьер-Министрі өз сайтында Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру картасын жариялады

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін біз отырыста Елбасының 2011 жылғы 17 сәуірде Үкіметке берген тапсырмаларын жүзеге асыру Картасын жан-жақты талқыладық, - деп атап өткен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өз блогында.

Карта арнайы біздің іс-әрекетімізді, нақты мерзімдерді және жеке жауаптыларды анық көрсету үшін құрылған.

«Оның нәтижелері еліміздегі әрбір адамға қатысы бар. Бұл - экономикалық өсім, азық-түлік қауіпсіздігі, жаңа индустрияландыру және азаматтарға арналған қызметтер сапасын жақсарту», - деп атап өткен К.Мәсімов.

«Осы Картаның маңыздылығын ескеріп, мен оны өз сайтымда орналастыруға шешім қабылдадым. Өз ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді берсеңіздер. Картаның қорытынды жобасын біз келесі аптада қабылдаймыз», - деп жазды К.Мәсімов.

Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz