ҚР Премьер-Министрі «Ресей темір жолдары» ААҚ президентін қабылдады
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Өз сөзінде С.Ахметов халықаралық көлік дәліздерінің торабында болып және дамыған көліктік-коммуникациялық желіге ие бола отырып, Қазақстанның Еуропа мен Азияны қосатын негізгі логистикалық буын атануына барлық алғышарттары бар деп атап өтті.
«Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев транзиттік әлеуеттің дамуына, ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына, аймақтың автомобильдік және темір жолдарының халықаралық көлік дәліздерінің жүйесіне кірігуіне ерекше назар аударуда», - деп атап өтті С.Ахметов.
Үкімет басшысы республикада «Жетіген-Қорғас» және «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілерінің құрылысы аяқталғанын, ал биылғы жылы «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржолдарының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру басталғанын еске салды.
С.Ахметовтің пікірінше, аталған барлық жобаларды жүзеге асыру Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүк транзиті көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.
«Біз Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде көліктік байланыстарды нығайтуға үлкен мән берудеміз. Ресей, Беларусь және Қазақстанның біріккен көліктік-логистикалық компаниясын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл идеяның іске асырылуы «Азия-Еуропа» бағытының транзиттік әлеуетін және теміржол тасымалдарының көліктік қызметтер нарығындағы бәскеге қабілеттілігін арттырады», - деп атап өтті С.Ахметов.
Форумның диалог алаңында орталықазиялық көліктік дәліздерді дамыту мәселелері, олардың трансеуразиялық көліктік логистика және транзит контекстіндегі басымдықтары мен болашағы мәселелері қарастырылады.
Шараға Қазақстан, Ресей және «1520 кеңістігіндегі» басқа елдердің ұлттық теміржол компанияларының, мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.
Сондай-ақ, форум аясында С.Ахметов «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Владимир Якунинді қабылдады.