ҚР Премьер-Министрі республикалық бюджеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді
18:31, 05 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен республикалық бюджеттік комиссиясының кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды www.pm.kz. сайты.
РБК-ның отырысы барысында республикалық және жергілікті бюджеттен шығындарды қысқарту немесе көбейтуді алдын-ала қарастыратын нормативтік-құқықтық актілерді саралау нәтижелері бойынша мәліметтер қарастырылды.