ҚР Премьер-Министрі Санкт-Петербордағы Қысқы сарайда болды

НКТ-ПЕТЕРБОР. 7 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петербордағы Қысқы сарайда болды.

Санкт-Петербордағы қысқы сарай - бұрынғы император сарайы, қазіргі таңда Мемлекеттік эрмитаждың Бас мұражай кешенінің құрамына кіреді. Сарайдың қазіргі ғимаратын (бесінші) 1754-1762 жылдары итальян сәулетшісі Б. Ф. Растрелли салған. Бұл Федералды маңыздағы мәдени мұра және Санкт-Петербордың тарихи орталығы құрамындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады.