Атап айтқанда, С.Ахметов «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрын көрді. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және Кітапханасы ғимаратының құрылысымен танысты. Бұл нысанның жалпы аумағы 30 мың. шаршы метрден астам.
Үстіміздегі жылғы ақпан айына дейін құрылыс жұмыстарының 40%-ы атқарылған нысанда 500- ден астам адам еңбек етіп жатыр. Сыртқы көрінісі ерекше шар кейіпті ғимараттың авторы - әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер.