Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы, мұнай-газ секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Министрдің Астанаға сапарының мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыра түсу үшін тың серпін беретініне сенімдімін», - деді С.Ахметов.
Өз кезегінде, С.Әл-Мазруи экономиканың басымдықты салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқтала келе, оның ҚР мен БАӘ арасындағы іскерлік өзара іс-қимылдарды нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болатынын атап көрсетті.