ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ-ға мүше елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстанға сапармен аттанды
16:38, 04 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен жүріп кетті.
Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сапар аясында Қырғызстан Президенті А.Атамбаевпен, ҚР Премьер-Министрі Ж.Сатыбалдиевпен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері В. Цзябаомен екіжақты кездесулер жоспарланған.