ҚР Премьер-Министрі SoftBank Investment Advisers төрағасымен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жүздесу барысында шетелдік инвестициялар мен заманауиинновациялық технологияларды тарту мәселелері талқыланды. Инвестициялық холдинг елэкономикасына инвестиция салудың артықшылықтарымен танысып, бірлескен жобалардыіс жүзінде жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

SoftBankInvestment Advisers венчурлік қаржыландыруға мамандандырылған және әлемдегі еңірі инвестициялық қорлардың бірі, нарықтық капитализациясы $100 млрд құрайтынSoftBank Group бөлігі. Қор Alibaba, Yahoo, Uber секілді жаһандық технологиялықкөшбасшылардың акцияларының иесі.

SoftBank2000 жылғы Forbes Global тізіміне кіреді және әлемде капиталдандыру бойынша36-орында, Жапонияда Toyota-дан кейін капиталдандыру бойынша 2-орында (2019жылғы 1 тоқсан).

Соңғы жаңалықтар