«Жергілікті биліктің тиісті бөлімшелермен бірлесе отырып адамдарға қамқор болулары аса маңызды. Олар өз үйлеріне көшпей тұрған осы кезеңде, қамқорлыққа бөленіп, қай адамның қайда екендігін және немен айналысып жүргенін нақты біліп отыруымыз қажет», - деп тапсырма берді К.Мәсімов Оралда өткізілген көшпелі отырыс барысында.
23:44, 18 Мамыр 2011
ҚР Премьер-Министрі су тасқынынан зардап шеккен БҚО тұрғындарын қамқорлыққа алуды тапсырды
ОРАЛ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жергілікті билік органдарына су тасқынынан зардап шеккен БҚО тұрғындарын қамқорлыққа алуды тапсырды.