ҚР Премьер-Министрі ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
14:47, 21 Қараша 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ашхабадта ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста шағын және кеңейтілген форматта Достастық елдер үкіметерінің басшылары ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20-ға жуық құжаттар жобаларын қарады.
ТМД ҮБК келесі отырысы 2015 жылғы 29 мамырда өтуі мүмкін, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.