ҚР Премьер-Министрі Украинаның Қазақстандағы Елшісін қабылдады
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты жазды.
Кездесу барысында қазақстан-украина қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.
Екіжақты әріптестіктің даму қарқынын айта келе, С.Ахметов сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды арттыра түсу керектігіне тоқталды. Үкімет басшысының айтуынша, бұл үшін зор әлеует бар және барлық қажетті жағдай жасалған.
Пікір алысу барысында атап көрсетілгендей, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 24%-ға артып, өткен жылдың қортындысы бойынша 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Өз кезегінде О.Демин: «Біз өзара қарым-қатынасты бағалаймыз және құрметтейміз», - дей келе украина жағының мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап көрсетті.
Сондай-ақ кездесу барысында С.Ахметовтің үстіміздегі жылдың 4-5 сәуірінде Украинаға жасайтын ресми сапарына дайындық мәселесі талқыланды.