ҚР Премьер-Министрі Венгриядағы Қазақстан велокомандасына қолдау білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Instagram әлеуметтік желісінде Александр Винокуровтың суретін жариялады.

«Будапешттегі IronMan-ның жартылай финалына дайындалып жатырмыз. Кеше тамаша тосынсый болды. Бізді қолдауға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов келді. Келесі жылы оны қатысушылар қатарынан көремін деп үміттенемін», - деп жазды Александр Винокуров жарияланған суретке орай.

30 шілде күні Будапештте IronMan 70.3 жарысы өтеді.